◐ Shell
reader mode source ↗
Мазмұнға өту
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жеңіл атлетика Джесси Оуэнс
Jesse Owens

1936 жылғы суретте
Жеке мағлұматтар
Толық есімі

James Cleveland Owens

Лақап аты

Buckeye Bullet

Туған күні

12 қыркүйек 1913 (1913-09-12)

Туған жері

Оквилл, Алабама

Қайтыс болған күні

31 наурыз 1980 (1980-03-31) (66 жас)

Азаматтығы

 АҚШ

Бойы

180 см

Салмағы

75 кг

IAAF

14343816 және 270934

Үздік нәтижелері
100 м

10,2 (1936)

200 м

20,7 (1936)

Ұзындық

8,13 м (1935)

Марапаттар
 АҚШ
Жеңіл атлетика, ерлер
Олимпиада ойындары
Алтын 1936 Берлин100 м
Алтын 1936 Берлин200 м
Алтын 1936 БерлинЭстафета 4×100 м
Алтын 1936 БерлинҰзындыққа секіру

Джеймс Кливленд (Джесси) Оуэнс (12.09.1913–31.03.1980) — АҚШ жеңіл атлеті, спринтер және ұзындыққа секіруші, төрт мәрте Олимпиада чемпионы.

Нацистік Берлинде Олимпиада қаһарманы атанып, Джесси Оуэнс «жалғыз өзі Гитлердің арийлер басымдылығы туралы сандырағын быт-шыт қылды».[1] 100 және 200 метрге жүгіру, эстафета мен ұзындыққа секіруде алтын медальдар жеңіп, ол осы сайыстың төртеуінде де жаңа олимпиялық рекорд орнатты.

2012 жылы оның есімі ИААФ Даңқ залына енгізілді.

Джеймс Генри және Мэри жанұясындағы он баланың кенжесі болған. Тоғыз жасында жанұясы Ұлы миграцияға қосылып, Алабамадан Огайоға көшіп кетеді.

Жаңа мектепте оның есімін сұрағанда, ол өз инициалдарын «J. C.» деп атайды, бірақ мұғалім «Джесси» деп естиді; содан оны бәрі солай атап кетеді. Мектепте ол өзінің болашақ әйелімен танысады. Рут есімді қызға 1935 жылы үйленеді, үш қыз бала табады.

1933 жылы ол студенттік чемпионатта 100 ярдты әлем рекордымен тең уақытта жүгіріп, өзіне жанкүйерлердің назарын аудартады.

1935 жылы Джесси Оуэнс солтүстік-шығыс штаттарының ірі университеттерін біріктіретін Big Ten Conference чемпионатына қатысады. Сонда 25 мамыр күні ол 45 минуттың ішінде 5 әлем рекордын орнатты және тағы бір әлем рекордымен тең түсті.[2]

1936 жылы Олимпиадаға қатысады. 3 тамызда 100 метрді 10,3 секундта жүгіріп өтеді. 4 тамызда ұзындыққа секіруде 8,06 метрді бағындырады. 5 тамызда 200 метрді 20,7 секунд ішінде жүгіріп өтеді. 9 тамызда Ральф Меткалф, Фой Дрэпер және Фрэнк Викоффпен бірге 100 метрлік эстафетада жеңіп шығады. 39,8 секунд көрсеткішпен олар жаңа әлем рекордын орнатады.

Адольф Гитлер өз үйінде өткізген Ойындарда немістер бәріне үстемдік көрсете алатынына сенген, бірақ Джесси Оуэнстің жетістіктері нацистердің көңіліне жаңа үрей ұялатты.[3]

Алайда АҚШ-қа оралысымен даңқты спортшы әлі де нәсілдік дискриминацияға және қиын қаржылық жағдайға тап болып жүрген. Тек Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен оны өз елінде қошеметтей бастаған.

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. Schwartz, Larry Owens Pierced a Myth. ESPN Internet Ventures. (2000). Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 шілде 2000.
  2. The Greatest Day in Track & Field: 50 Years Ago, Jesse Owens Had an Afternoon Like No One Else. Los Angeles Times. (25 мамыр 1985). Тексерілді, 11 шілде 2025.
  3. Bachrach Susan D. The Nazi Olympics: Berlin 1936  Little, Brown, and Company, 2000. — ISBN 0-316-07087-4.